Accessibility links

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Нарын мэрін сайлау қорытындысын мойындамады


Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының ғимараты
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 22 қазанда өткен Нарын қаласы мэрін сайлау қорытындысының күшін жойды. Бұл туралы Нарын қалалық кеңесінің төрағасы Автандил Молдосалиев Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлады.

- Мэр сайлауын Орталық сайлау комиссиясы өткізеді. Жаңа заң қабылданғандықтан сайлау өткізуге бола ма, жоқ па деп сұрадық. Олар бұрын жоспарланған сайлау өте береді деп, сайлау өткізді, - дейді Молдосалиев.

22 қазанда Нарын қалалық кеңесі Арыслан Сталбек уулын қала мэрі қызметіне сайдлаған. Оның кандидатурасын қалалық кеңестің 31 депутатының 16-сы қолдаған.

Сайлаудан бір күн бұрын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Жергілікті мемлекеттік әкімшілік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары туралы" заңға қол қойған. Жаңа заң бойынша қала мэрлері мен әкімдерді бұдан былай президент тағайындайды.

Бұған дейін президенттің баспасөз қызметі жаңа заң Нарын қаласы басшысын сайлаудан бұрын күшіне ене ме, жоқ па деген сұраққа нақты жауап бере алмаған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG