Accessibility links

Оралда сот 20 күнге қамалған белсенді Ескендірованың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады


Оралдық белсенді Маруа Ескендірова.
Оралдық белсенді Маруа Ескендірова.

Орал қаласындағы сот қала тұрғыны Маруа Ескендірованың 20 күнге қамалғанына қарсы түсірген аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады. Бірінші инстанция 23 қазанда Ескендірованы "бейбіт митинг заңын бұзды" деп айыптап (Әкімшілік кодекс 488- бабы 11-тармағы), 20 күнге қамаған еді. Ол бір ай бұрын болған митинг үшін жазалған. Ескендірова бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.

— Кінәлі емеспін, алаңда бес адам болдық, мұны митинг деуге келмейді. Ойымызды айттық, бұл алдын ала жоспарланған жиналыс емес, кетіп бара жатып, ойымызды айтамыз деп шештік. Ешқандай заң бұзу болмады, - деді сотта Ескендірова 27 қазанда өткен сотта.

Шағымды қараған судья Әлібек Ахметов бірінші инстанцияның шешімін күшінде қалдырды.

Ескендірова Оралдағы бірнеше бейбіт митингіге қатысып, кейбірін өзі де бейбіт жиындар ұйымдастырған. Биыл ол басқа белсенділермен бірге әкімдікке митинг өткізу үшін 40 рет ескерту жазған, бірақ әкімдік бірде-біріне рұқсат бермеді.

Белсенді бірнеше рет ұсталып, қамауға алынды. 2021 жылы ақпанда рұқсат етілген митингіден соң алғаш рет жауапқа тартылды. Биыл жазда ол бес рет қамалып, барлығын қосқанда 70 күн қамауда отырды.

Ескендірова өзіне шыққан сот шешімдерін өзінің белсенділігімен байланыстырады және қудалаудың саяси астары бар деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG