Accessibility links

Молдова мен ресейлік "Газпром" газ тасымалдау жөнінде келісімге келді


Молдова үкіметі мен ресейлік "Газпром" газ тасымалдау жөнінде келісім-шарттың мерзімін бес жылға ұзартуға өзара келісті. Қыркүйектің соңында Молдованың "Газпроммен" жасаған келісімінің мерзімі аяқталып, тараптар құжатты жаңарта алмай біраз уақыт дауласқан.

Газ тапшылығына ұшыраған Молдовада үкімет өткен аптада төтенше жағдай жариялап, өзге елдерден отын тасымалдау жолын қарастыра бастаған. Ресей тарабы жыл соңына дейін құжатқа қол қойылмаса, Еуропадағы ең кедей елдердің бірі Молдоваға отын тасымалдауды тоқтатынын айтып асықтырған. Бұған дейін Молдова тарабы ресейлік компанияның жаңа келісім-шартта газ құнын екі есе қымбаттатып жібергенін айтқан.

29 қазанда жариялаған қысқа мәлімдемесінде ресейлік компания Молдова делегациясы мен "Газпром" арасында Санкт-Петербург қаласында жүргізілген келіссөз "екі жаққа бірдей пайдалы тұрғыда" аяқталып, тараптар құжат мерзімін ұзартуға келісті деп хабарлады.

Молдованың инфрақұрылым министрі оны "принциптік келісім" деп атап, тараптар арасындағы алдыңғы келісімнің мерзімі "Молдова тарабы ұсынған баға формуласы бойынша" ұзартылады деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG