Accessibility links

Ғалымдар Альцгеймердің мида басқаша дамитынын анықтаған болуы мүмкін


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ғалымдар Альцгеймер ауруы мида бұрын ойлағандай емес, басқаша дамитынын анықтаған болуы мүмкін. Кэмбридж университеті және Гарвард медицина мектебі ғалымдарының тұжырымдауынша, Альцгеймер ауруы мидың бір ғана бөлігінде дамымайды. Зерттеу қорытындысы бойынша, мидың когнитивті функциясына жауапты Альцгеймер ауруымен байланысты улы ақуыз кластері бастапқы кезеңде мидың түрлі бөлігіне жетіп, одан соң ондаған жылдар бойы дамиды.

Science Advances ғылыми зерттеу журналында жарияланған ғылыми еңбек – мидың дегенеративті ауру түріне соқтыратын молекулярлық процестің жылдамдығын есептеу үшін адам ағзасындағы деректерді қолданған алғашқы жұмыс.

"Бұрын Альцгеймер ауруы рактың көптеген түрі сияқты дамиды деген көзқарас болған, яғни агрегаттар бір жерде түзіліп, сосын мидың қалған бөлігіне таралады деген сенім болды. Бірақ біз Альцгеймер басталған кезде мидың түрлі бөлігінде агрегаттар қалыптасып қоятынын анықтадық және сол себепті ми бөліктеріндегі аурудың дамуын тоқтатуға тырысудан аса пайда болмайды" деді Кэмбридж зерттеушісі Джорд Мисл баспасөз хабарламасында.

Ғалымдар зерттеу кезінде Альцгеймер ауруына душар болған 100 адамның позитрон-эмиссиялық томографиясы мен осы аурудан қайтыс болған 400 шақты адамның ми суреттерін пайдаланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG