Accessibility links

Өзбекстан виза мерзімі біткен ауған азаматтарын елден қумайды


Ауған-өзбек шекарасын күзетіп тұрған өзбек сақшылары. Тамыз айы, 2021 жыл.
Ауған-өзбек шекарасын күзетіп тұрған өзбек сақшылары. Тамыз айы, 2021 жыл.

Өзбекстан билігі виза мерзімі біткен ауған босқындарын елден депортацияламайды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ-қа сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, мұндай шешім өзбек-ауған шекарасының қазір жеке тұлғалар үшін жабық тұруына байланысты қабылданған.

Мәліметке қарағанда, Өзбекстан заңдары мен республикада болу тәртібін бұзбаған шетел азаматтары виза мерзімін создыра алады.

Мұның алдында адам құқығын қорғау ұйымдары Өзбекстан виза мерзімі біткен 70 ауған босқынын елден шығаруы мүмкін екенін хабарлаған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір Өзбекстанда 13 658 ауған азаматы тұрып жатыр.

Ауған азаматтары виза мерзімін создыру үшін Өзбекстанда тұратын мекендегі көші-қон қызметіне жүгіне алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG