Accessibility links

Еуропа одағының Тбилисидегі өкілдігі Грузияның муниципалитет сайлауын ішінара сынады


Оппозиция жетекшілерінің бірі Ника Мэлия сөйлеп тұр. Тбилиси, Грузия. 31 қазан 2021 жыл.
Оппозиция жетекшілерінің бірі Ника Мэлия сөйлеп тұр. Тбилиси, Грузия. 31 қазан 2021 жыл.

Еуропа одағының Грузиядағы миссиясы осы елде өткен муниципалитет сайлауының екінші туралы ұстанымын жариялады.

"Сайлау жалпы жақсы ұйымдастырылды. Сайлау кампаниясы да бәсекемен өтті. Дегенмен миссия сайлаушыларға қысым жасау мен қорқытып-үркіту әрекеттері болғанын, ресурстардың теңсіздігі билік партиясының мүмкіндігін арттырып жібергенін байқадық.

Бірінші турдан кейін бұл келеңсіз жайттар Грузияда нормаға айналмауы тиіс деп мәлімдегенбіз. Алайда бұл тұрғыда Грузияның кейбір мүмкіндіктерді қолдан шығарып алғанына өкінеміз. Халықаралық бақылаушылардың нақты бағасына қарамастан негізгі кемшіліктерді жоюға айтарлықтай талпыныс болмады. Керісінше, кейбір теріс жағдайлар одан әрі күшейе түсті, әсіресе Грузияның саяси жетекшілері әкімшілік ресурс пен агрессивті риторикаға арқа сүйегені аңғарылды. Бұл онсыз да ушығып тұрған саяси жікті күшейте түсті.

Сайлау алдында орталық үкіметтің кейбір сакребулолармен (жергілікті кеңес) жұмыс істеспейтіні жөніндегі мәлімдемесі алаңдатты, өйткені бұл сөздер сайлаушылардың таңдауы мен плюрализмді шектеуге бағытталған еді.

Барша партияларды сайлау процесіне қатысуға шақырамыз. Сайлаудың әділеттті өткенін қалайтын қоғам инклюзивті, ашық есеп жүргізуді және шағымдар мен апелляцияларды әділетті қарастыруды қалайды.

Бұл тұрғыда негізггі жауапкершілік Орталық сайлау комиссиясы мен соттарға артылады", -дейді Еуропа одағының Грузиядағы миссиясы.

30 қазанда Грузияда муниципалитет сайлауының екінші туры өткен. 20 муниципалитеттің, оның ішінде Тбилиси, Батуми, Кутаиси, Поти және Рустави қалаларының мэрлері мен 24 мажоритарлы округте жергілікті жиын (сакребуло) депутаттарын сайлаған.

Орталық сайлау комиссиясының әзіргі деректеріне қарағанда, биліктегі "Грузин арманы" партиясы 20 қаланың 19-ында жеңіске жеткен.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы "екінші тур өтті" деп хабарлады, бірақ биліктің оппоненттері жеңілгенін мойындауға асықпайды. Олар "ұрланған сайлау" нәтижесімен келіспейтінін, барлық мүмкінді пайдаланып, күресін алғастыра беретінін мәлімдеп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG