Accessibility links

Солтүстік Македонияның премьер-министрі Зоран Заев отставкаға кетті


Зоран Заев
Зоран Заев

Солтүстік Македония премьер-министрі Зоран Заев муниципалитет сайлауының екінші турында оппозиция жеңген соң отставкаға кетті.

"Қазіргі жағдайға мен жауап беремін. Премьер-министр қызметі мен партия төрағалығынан кетемін. Мен еркіндік пен демократия әкелдім, ал демократия дегеніміз өз міндеттемеңді орындау", — деді Заев. Заев басқаратын "Македонияның социал-демократиялық одағы" коалицияға жетекшілік етеді.

Заев үкіметі либерал-демократиялық ұстанымды болды, Еуропа одағымен және НАТО-мен интеграцияны қолдады.

Солтүстік Македония 2020 жылы наурыз айында НАТО мүшесі болған еді, бірақ Болгариямен арадағы қайшылық салдарынан Македонияның Еуропа одағына кіру жөніндегі келіссөзі аяқсыз қалған.

31 қазанда өткен сайлауда негізгі күрес Скопье қаласында болды. Бұл қаланың мэрі, "Македонияның социал-демократиялық одағының" мүшесі Петре Шилегов оппозициядағы "Македония бірлігі үшін демократиялық партиясының" өкілі Данеле Арсовскадан жеңіліп қалған.

Заев бұған дейін сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырып, Скопье қаласының мэрі қызметіне бәсеке өзі басқаратын министрлер кабинетінің саясатын жүзеге асыруға шешуші рөл атқаратынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG