Accessibility links

Ресей Өзбекстан азаматтарына 15 күнге дейін тіркелмей жүруге рұқсат берді


Мәскеу базарында жүрген еңбек мигранты. Ресей.
Мәскеу базарында жүрген еңбек мигранты. Ресей.

Өзбекстан мен Ресей арасындағы келісімді ратификациялау туралы Ресей ішкі істер министрлігі жасаған заң жобасы бойынша екі елдің азаматтары шекарадан өткеннен кейін 15 күнге дейін тіркелмей-ақ жүре беруіне болады.

Қазір Ресей мұндай рұқсатты Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан азаматтарына беріп отыр.

Өзбекстан мен Ресей арасындағы келісімге 21 мамырда Мәскеуде, 17 маусымда Ташкентте қол қойылған.

"Бұл келісім Ресей мен Өзбекстанның достық қатынасын әрі қарай да дамыта түседі", — дейді құжатта.

Бұған дейін Ресей Өзбекстанның 158 мың азаматына "миграция рақымшылығын" жасайды деген хабар тараған. Оларға түрлі себептермен Ресей аумағына кіруге тыйым салынған.

Жұмыс күші тапшылығы аңғарыла бастаған соң Ресей билігі Өзбекстанның мыңдаған жұмыс қолын тартуға шешім қабылдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG