Accessibility links

Тараз түрмесінде жатқан белсенді Бағдат Бақтыбаев наразылық білдіріп, шеге жұтқан


Белсенді Бағдат Бақтыбаевтың түрмеде "шеге жұтқаны" хабарланды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

Тараздағы №158/2 түрмеде жазасын өтеп жатқан белсенді Бағдат Бақтыбаев наразылық білдіріп, шеге жұтқан. Бұл туралы белсендімен кездескен Адам құқығы мен заңды сақтау бюросының заңгері Дмитрий Халидов хабарлады.

- Ол шағын төрт шегені полиэтилен пакетке орап жұтқан. Әдетте мұндай жағдайда жұтқан зат, табиғи түрде шығып кетеді. Ағзаның бір жерінде көлденең тұрып қалса, денсаулыққа әсер етеді. Алайда ол денсаулығына еш шағым айтқан жоқ. Ол мұны сот шешіміне наразылық білдіру үшін жасаған, - дейді заңгер.

Халидов белсендімен бір сағаттан аса уақыт әңгімелескен. Белсенді "денсаулығына байланысты арыз-шағымының жоқтығын, бірақ сот шешіміне наразы екенін" айтқан.

48 жастағы Бағдат Бақтыбаевтың шеге жұтқаны жайлы ақпарат жексенбі күні шыққан. Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина оның ес-түссіз жатқаны жайлы хабарлаған. Дүйсенбіде құқық қорғаушыға жауап берген қылмыстық атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Бағдат Бақтыбаевты 18 шілдеде Жамбыл облысы Шу аудандық пробация қызметі "сот шешімін орындамады, пробация талаптарын бұзды" деп қамауға алған соң, сот қалған жаза мерзімін абақтыда өтеуге кескен.

Онда "сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейінгі аралықта түрмеде отырған уақытының бір күні бір жарым күнге есептелетіні" айтылған.

13 қыркүйекте аппеляциялық сот шілдедегі үкімді өзгеріссіз қалдырып, белсенді қамауға алынған. Қазір ол Тараздағы 158/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Бағдат Бақтыбаев былтырғы 2 қараша қамауға алынған. Шу аудандық соты оған 4 ақпанда "Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйым жұмысын ұйымдастырды және оған қатысты", "есірткі пайдаланды" деген (Қылмыстық кодекстің 405-бабының 1-2 тармақтары және 296-бабы) айыптар таққан. Сот үкімімен оған Қылмыстық кодекстің 405-бабының 1- тармағымен 2 жылға, 2-тармағымен 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Бірақ жаза мерзімін қосу арқылы бас бостандығы 2 жылға шектелген.

Бұдан бөлек оған 5 жылға дейін қоғамдық-саяси іс шараға қатысуға, әлеуметтік желілерде пікір жазуға тыйым салынған және 80 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы белгіленген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG