Accessibility links

Минск соты "Белсат" телеарнасының тілшісі мен күйеуін 15 тәулікке қамады


Ирина Славникова және күйеуі Александр Лойко.
Ирина Славникова және күйеуі Александр Лойко.

Минскінің Первомай аудандық соты "Белсат" арнасының тілшісі Ирина Славникова мен күйеуі Александр Лойконы 15 тәулікке қамады. "Весна" құқық қорғау орталығының мәліметінше, оларға Facebook парақшаларында "экстремистік материал сақтады" деген айып тағылған.

Славникова мен Лойко 30 қазанда, сенбіге қараған түні Минск әуежайында ұсталған. Олар Египеттен ұшып келген.

Славникова қызмет істейтін "Белсат" телеарнасы Беларусьтегі оппозиция мен жақтастарының митингісінен жиі ақпарат таратады. Арнаның көптеген тілшісі талай сотқа тартылып, қамалды.

2020 жылы қараша айында телеарна тілшілері Катерина Андреева мен Дария Чульцова Роман Бондаренконы еске алған бейбіт акциядан хабар таратқаны үшін қамалған. 2021 жылы ақпанда екі жылға бас бостандықтарынан айырылды.

"Белсат" Польша СІМ мен поляк қоғамдық телеарнасының (TVP) келісімі негізінде 2007 жылы құрылған.

Польша қаржыландыратын "Белсат ТВ" арнасын биыл шілде айында Беларусь билігі "экстремистік арна" деп танып, ақпарат құралының ресми сайты мен әлеуметтік желідегі аккаунттарының барлығын бұғаттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG