Accessibility links

Қазақстанда мыңға жуық адам рақымшылықпен босап шығады


Мәжіліс отырысы. Көрнекі сурет.
Мәжіліс отырысы. Көрнекі сурет.

3 қарашада мәжіліс "Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау жөнінде" заң жобасын мақұлдады. Құжат елде аса ауыр емес және орташа дәрежедегі қылмыс бойынша сотталғандарды босатуды, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандардың жазасын қысқартуды қарастырады.

Құжатты таныстырған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне қарағанда, рақымшылыққа 2236 тұтқын мен пробация қызметіндегі 11 310 адам ілінеді.

"Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады», - деді министр.

Оның айтуынша, елде 64 түзету мекемесі, 16 тергеу изоляторы бар. Онда 34 мың адам бар. 30 мың адамға сот үкімі шыққан, қалғаны тергеліп жатыр. 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45 пайызы оның алдында бірнеше рет сотталған. 32 мың адам пробациялық бақылауда.

"Біріншіден, шамамен 1 мың адам бостандыққа шығады, 3,8 мың адам пробация қызметі тіркеуінен алынады. Екіншіден, 1294 сотталушы мен пробацияда тұрған 7392 адамның жазасы қысқартылады. Үшіншіден, сот өндірісіне дейін ашылған 5 мың қылмыстық іс қысқартылады, 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, 1471 адамға жазаны қысқарту немесе босату жағдайы қолданылады" деді Ерлан Тұрғымбаев.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG