Accessibility links

Елшілік Мәскеуде полицейдің қырғыз азаматын ұрып-соғуына байланысты Ресей билігіне нота жолдады


Қырғызстанның Мәскеудегі елшілігі Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, ІІМ мен Бас тергеу басқармасына полиция қызметкерлерінің қырғыз азаматын ұрып-соққанына байланысты арызданды.

Елшілік үндеуде оқиғаның әділ тергелуін, полиция қызметкерлерінің әрекетіне заң тұрғысында баға берілуін сұраған.

"Қырғызстан азаматының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жұмыс жасалып жатыр", - деп хабарлады елшілік.

3 қарашада блогер Ринат Усупбаев видео жариялап, онда полиция қызметкерлерінің қырғыз азаматын соққыға жыққанын хабарлаған. Ролик авторы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінен Ресей елшілігіне наразылық нотасын жолдауын талап еткен.

Видеода бір ер азаматты ұстауға әрекеттенген полиция қызметкерлерінің оны бетінен ұрып, тізелерімен басқаны көрінеді. Көшеде өтіп бара жатқандар полиция әрекетіне шамданып, олардан күш қолданбауын сұраған.

Қырғызстан елшілігі бұл оқиғаның 2 қарашада Мәскеуде болғанын анықтады. 21 жастағы қырғыз азаматы ұсталған. Оны ұстау себебі айтылмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG