Accessibility links

Түркістан облысында 40-тан астам адам шаңды боранда жолда қалған


Құтқару қызметінің мамандары шаңды боранда жолда қалған адамдарды үйлеріне жеткізіп жатыр. 4 қараша 2021 жыл.
Құтқару қызметінің мамандары шаңды боранда жолда қалған адамдарды үйлеріне жеткізіп жатыр. 4 қараша 2021 жыл.

4 қарашада Түркістан облысының Берген және Қаражантақ трассасында шаңды боранның салдарынан жол көрінбей, көлік кептелісі пайда болған. "Қазақпарат" агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнына құтқарушылар келіп, жолаушыларды тұратын жерлеріне жеткізген.

Төтенше жағдай департаменті жариялаған видеода құтқарушылар жолдың көрінбей жатқанын айтады.

"Шаңды боранның салдарынан Берген және Қаражантақ автожолында көлік қозғалысы баяулап, кептеліс пайда болды. Төтенше жағдай жөніндегі көлік қызметінің жеке құрамы оқиға орнына барып, жолда қалған 38 ересек, 4 баланы тұратын жерлеріне жеткізді" делінген облыстың төтенше жағдай департаментінің хабарламасында.

Ресми ақпаратқа қарағанда, боранға байанысты Қаражантақ, Саналы, Бөген, Төрткүл ауылдарында өрт сөндірушілер мен коммуналдық мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен.

"Қазгидрометтің" аймақтағы бөлімшесі Түркістанның кейбір аудандарында 5-6 қарашада да шаңды боран болатынын ескерткен.

Облыстың төтенше жағдай департаменті тұрғындарды сақ болуға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG