Accessibility links

Министр қысылмай өмір сүру үшін қанша қаражат қажеттігін айтты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

5 қараша күнгі брифинг кезінде ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев инфляция жағдайында күн көру үшін төрт адамнан тұратын отбасына бір айда қанша қаражат қажеттігі жөнінде Азаттық сұрағына жауап беруден бас тартты. Ол бұған жазбаша жауап беретінін жеткізді. Бес сағаттан соң министрліктің баспасөз қызметі министр жауабын жолдады.

"Ресми статистика деректеріне сүйенсек, үш адамдық отбасының шаруашылық шығындары айына 220-230 мың теңгені (510-533 доллар) құрайды. Ол азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары, қызмет, салық, несие және тағы басқаға жұмсалады. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіш. Дегенмен ол жеке қарастырылған отбасы бюджетін толық көрсете алмайды. Аймақтар арасында да айырмашылық бар" делінген баспасөз қызметі жіберген министр жауабында.

Осыған дейін министр оның отбасы ай сайын азық-түлікке орташа есеппен 50 мың теңге (100 доллардан астам) жұмсайтынын айтқан. Жұма күнгі брифинг кезінде ол осынша аз ақшаға қажетті заттардың барлығын сатып ала аласыз ба деген сұраққа жауап бермеді.

Қарай отырыңыз: "Еттің бағасын естігенде шошып кетеді". Азық-түлік бағасы шарықтап барады (28 қазан 2021 жыл).

"Еттің бағасын естігенде шошып кетеді". Азық-түлік бағасы шарықтап барады
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:15 0:00

Қазақстанда бірнеше айдан бері азық-түлік құны шарықтап барады. Елдегі инфляция деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті: тамызда жылдық инфляция – 8,7 пайыз, қыркүйекте 8,9 пайыз болды. Қала мен ауыл халқы бағаның екі есе өсіп кеткеніне шағымданады. Дүкен мен сауда орындарындағы сатушылар жұрттың азық-түлікті несиеге ала бастағанын айтты.

Инфляцияға байланысты азық-түлік құны өскеннен кейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемесін қайта арттырған.

30 қазанда үкімет қазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар құнының өсуі баяулады деп хабарлады. Бұл өткен айлардағыдай жылдам болмаса да, азық-түліктің қымбаттап жатқанын көрсетеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG