Accessibility links

Новосибирск тұрғындары Навальный мен Фургалды қолдап, кезекпен акция өткізе бастады


Алексей Навальныйді қолдап, акцияға шыққан халық. Новосибирск. 21 сәуір 2021 жыл. Көрнекі сурет.
Алексей Навальныйді қолдап, акцияға шыққан халық. Новосибирск. 21 сәуір 2021 жыл. Көрнекі сурет.

Новосибирск тұрғындары Хабаровск өлкесінің экс-губернаторы Сергей Фургал мен оппозиционер Алексей Навальныйға қолдау көрсету үшін қала орталығында жалғыз адам пикетіне кезекпен шыға бастады. Олар бұл жолы Ресей президенті Владимир Путинді "билікті күшпен басып алғаны үшін" қылмыстық жауапкершілікке тартуға шақырды. Бұл туралы "Сібірдің азаматтық репортерлері" ("Гражданские репортеры Сибири" телеграм-арнасы хабарлады.

Саясаткер Алексей Навальный Владимирск облысында қамауда отыр. Құқық қорғаушылар оны саяси тұтқын деп санайды. Былтыр ол Ресейде уланып, Германияда ұзақ емделген соң қамауға алыну қаупі болса да қайта оралған еді. Тергеу комитеті Навальный мен оның серіктерінің үстінен қозғалған бес қылмыстық істі біріктіріп, "үлкен іске" айналдырған болатын.

Хабаровск өлкесінің губернаторы Сергей Фургалды 2020 жылы 9 шілдеді қамауға алған. Оған 15 жыл бұрын "кәсіпкерлерді өлтіруді ұйымдастырды" деген айып таққан, бірақ Фургал мойындамаған.

Губернатор қамалған соң Хабаровск өлкесінің халқы көп уақыт қарсылық білдіріп, үздіксіз митингіге шыққан еді. Олар істі әділетті жүргізуге және Мәскеуді Ресейдің қиыр шығысына құрметпен қарауға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG