Accessibility links

Өткен тәулікте Жапонияда коронавирустан адам өлмеген. Үш айда үш адам ғана қайтыс болған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Жапонияда өткен тәулікте коронавирустан қайтыс болған ешкім деп хабарлайды 8 қарашада осы елдің баспасөзі.

"Бұған дейін 2020 жылдың 2 тамызында да осылай болған еді" дейді Жапнияның NHK корпорациясының ақпарат көзі.

Жапония денсаулық сақтау министрлігінің хабарына қарағанда, 6 тамыздан бері коронавирустан үш адам ғана қайтыс болған.

Жапонияның 126 миллион халқының 70 пайызы вакцина салдырған. Індет басталғалы Жапонияда барлығы 18 мың адам коронавирустан өлген.

Kyodo News ақпарат агенттігі Жапония коронавирус індетінен зардап шеккен экономикасына қуат беріп, халыққа қолдау көрсету үшін 265 миллиард доллар қаржы бөлуді ойластырып отырғанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG