Сайлауға дайындық кезеңінде әкімшілік ресурс қолданылғаны жайлы фактіні тексеру аяқталды. Бұл туралы Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Ош қаласының милициясы "3 қарашада Ош университетінің студенттерін саяси партияның үгіт-насихатына арналған митингіге пайдаланды" деген іс бойынша тергеу басталғанын хабарлаған еді. Студенттер митингіге еріксіз қатыстырғанын айтқан.
Қырғыз милициясының мәліметінше, Ош университетінің 15 студенті мен 8 оқытушысынан жауап алынған. Студенттер оқытушылар экскурсияға алып шығып, саяси партиялардың бірінің митингісіне қосып жіберді деп шағымданған. Оқытушылардың бірі күдікті санатына қосылып, іс сотқа жіберілген.
Бұған дейін Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы "Азаттық" партиясының Ош қаласындағы үгіт-насихат митингісінен кейін жоғары оқу орыны басшылары әкімшік ресурс қолданды деген шағым түскенін хабарлаған.
Қырғызстан Жогорку кенеш депутаттары 28 қарашада аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Жаңа заң бойынша Жогорку Кенеш мұнан кейін 90 депутаттан тұрады, оның 54-і пропорционалды сайлау жүйесі (партиялардың кандидаттары), 36-сы мажоритарлы жүйе (бір мандатты сайлау округінің кандидаттары) бойынша сайланады.
ПІКІРЛЕР