Accessibility links

АҚШ вакцинаның екі дозасын салдырған шетел азаматтарын елге кіргізеді


8 қарашада АҚШ коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салдырған шетел азаматтарына да шекараны қайтадан ашты.

Шетел азаматтарының АҚШ-қа кіргізуге шектеуді 2020 жылдың басында сол кездегі президент Дональд Трамп енгізді. Одан кейін билікке келген Джо Байден шектеу мерзімін созды.

Мұндау шектеулер елдегі туризм саласын тұралатып, әлем елдерімен дипломатиялық қарым-қатынасты әлсіретті.

АҚШ шекарасы әлемнің көптеген елдерінің саяхаттаушыларына жабық тұрды. Билік індеттің таралуын осылай тежегісі келді.

Вашингтонның хабарлауынша, АҚШ-қа америкалық санитария жөніндегі басқармасы мақұлдаған вакциналардың бірін, немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тізіміндегі вакциналардың бірінің екі дозасын да салдырған шетел азаматтары кіре алады. Бірақ олардың арасында Қазақстандағы негізгі вакцина саналатын ресейлік "Спутник V" екпесі жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG