Accessibility links

Ондаған мигрант Беларусь арқылы Польша шекарасын бұзып өтті


Беларусь-Польша шекарасындағы мигранттар.
Беларусь-Польша шекарасындағы мигранттар.

Мигранттар Беларусь-Польша шекарасын бұзып, Еуроодақ аймағына өтті. Осылай деп Bialystok радиосы шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Бұл Крынки қаласы мен Беловеж ауылының шетінде болған.

10 қараша күні таңертең Польша қорғаныс министрі Мариуш Блащак Польша аумағына өткен мигранттардың бәрі ұсталғанын хабарлады.

"Бұл мазасыз түн болды. Мигранттар шекараны бұзуға әрекет жасады", - деді министр. Қазір шекараны 15 мың әскер күзетіп тұр.

Шекарада жағдай 8 қарашада күрт өзгеріп, Еуроодаққа өткісі келген мыңдаған мигрант қоршауларды бұзбақ болған.

Ресми Минск Польша халықаралық талаптарды орындап, мигранттарды өткізу керек деп Варшаваны сынға алды. Ал Еуроодақ Лукашенко билігін сынап, мигранттарды арандатып, өзі соған итермелеп отыр деп мәлімдеді. Себебі Брюссель Лукашенко режиміне қарсы санкция енгізген.

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий сейсенбі күні парламентте сөйлеген сөзінде мигранттардың әрекетін шекараға жасалған шабуыл деп бағалап, оны ел тұтастығына жасалған қастандық деп атады. Ол осы оқиғаның артында Ресей тұр деп санайды. Оның сөзінше, Александр Лукашенко Путиннің тапсырмасын орындаушы ғана.

Еуроодақ Беларуське қатысты жаңа санкция салмақшы. "Қара тізімге" беларусьтың "Белавиа" әуе компаниясы енуі мүмкін. Бұдан бөлек Минскіге ұшатын барлық әуе компаниялар, атап айтқанда "Аэрофлот", UTair және Nordwind Airlines, сонымен бірге Turkish Airlines пен FlyDubai да санкцияға ілінуі мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG