Accessibility links

Шешенстанда екі ер баланың достығы жөнінде кітап сатуға тыйым салынды


Ұлттық саясат, сыртқы байланыс, басылым және ақпарат министрі Ахмет Дудаев.
Ұлттық саясат, сыртқы байланыс, басылым және ақпарат министрі Ахмет Дудаев.

Шешенстан ұлттық саясат, сыртқы байланыс, басылым және ақпарат министрі Ахмет Дудаев елде Медина Мирайдың "Синтонимы" атты кітабын сатуға тыйым салды. Аталған туынды сиқырлық мектебінде оқитын екі ер баланың достығы жөнінде сыр шертеді.

Дудаевтың пікірінше, кітап "шешен халқының дәстүрі мен ғұрыптарына қайшы өмір салтын" насихаттайды. Министр бұл жөнінде Инстаграмдағы парақшасында видеомәлімдеме жасады.

Ресейдің оңтүстігіндегі Майкоп қаласында дүниеге келген Медина Мирай – фэнтези және янг-эдалт жанрында әңгіме жазатын жас жазушы. Оның прозасында фантастикалық сюжеттер мен ЛГБТ, буллинг, бопсалау тақырыптары бойынша ашық диалогтар қабысқан.

ЕҚЫҰ баяндамасына сәйкес, Шешенстан билігі ЛГБТ өкілдерін тұрақты түрде қудалайды. Баяндама сарапшысы Вольфган Бендек шешен гейлеріне қарсы кампанияны республика және федералдық биліктің ұстанымымен ұштастырады. Ол қудалауға Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен парламент төрағасы Магомед Даудов жауапты деп санайды. ​

Құқық қорғау ұйымдары, БҰҰ, Еуродақ, АҚШ Ресей билігін ЛГБТ-қауымдастықтарына жасалған барлық шабуылды мұқият зерттеуге шақырған. Бұған дейін Ресей әділет министрлігі тексерістерден кейін Шешенстанда гейлер де, оларға қатысты заңсыздықтар да анықталған жоқ деп мәлімдеген.

Еуропа кеңесі Шешенстандағы шенеуніктерге ЛГБТ-қауымдастық өкілдері мен билік сыншыларын азаптағаны үшін санкция салған. Шектеу шараларына ілінгендер арасында қалалық полицияның бұрынғы бастығы Аргун Аюб Катаев, Шешенстан вице-премьері, "Терек" арнайы жасақ командирі Абузайда Висмурадов та бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG