Accessibility links

Еуропа індет ошағына қайта айналды, кейбір елдер шектеу шараларын күшейтті


Метроға залалсыздандырғыш заттар шашып жүрген жұмысшылар.
Метроға залалсыздандырғыш заттар шашып жүрген жұмысшылар.

Еуропа коронавирус індетінің ошағына қайта айналды. Коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне алаңдаған аймақтағы кейбір елдер шектеу шараларын қайта енгізді.

Вакциналау науқанының жоғары деңгейі мен сапалы денсаулық сақтау жүйесіне қарамастан Еуропада апта сайынғы коронавирус көрсеткіші қазан айынан бері үздіксіз жоғарылап, қазір бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Кейінгі жеті күнде Еуропада 2,1 млн адамнан коронавирус анықталған. Бес мемлекет: Ұлыбритания, Германия, Ресей, Түркия және Украинада – науқастар алдыңғы апталармен салыстырғанда 50 пайызға артқан. Адам өлімі де жоғары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өткен аптада науқастардың он пайызға көбейгенін хабарлаған. Үкіметтер вирустың күшеюіне түрлі шара қолданып жатыр. Нидерланды үкіметі 12 қарашада үш аптаға созылатын жартылай локдаун жариялады. Австрия екі өлкеде вакцина алмағандарға 15 қарашадан бастап үйден тек маңызды шаруаларға ғана шығуға рұқсат берді. Германияда кейінгі күндері коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелсе де, ресми орындар локдаун енгізбес үшін вакцинаны халыққа міндеттеген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG