Accessibility links

Беларусьте әскери жаттығу кезінде екі ресейлік десантшы опат болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Беларусьте әскери полигонда әуеден десантшыларды түсіру кезінде екі ресейлік солдат опат болды. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігіне сүйенген РИА Новости агенттігі хабарлады.

Ведомствоның айтуынша, десантшылар Гродно қаласындағы жер жағдайы беймәлім ауданға түспек болған. "Кенет қатты жел соғып", десантшылардың парашюті дұрыс ашылмай қалған. Әскерилердің бірі қосымша парашютін пайдаланып, құтқармақ болған. Алайда ол да ашылып үлгермеген. Құлағаннан кейін екі солдат ауруханаға жатқызылған, бірақ дәрігерлер құтқара алмаған. Қорғаныс министрлігі екеуінің жалдамалы қызметкер болғанын айтты.

Бұған дейін "BYPOL" күштік құрылымның бұрынғы қызметкерлерінің бірлестігі Беларусьте "Гожский" полигонында Ресей әуе десант күштерінің екі қызметкері: офицер мен жедел қызмет солдаты әуеден түскен кезде опат болғанын хабарлаған.

12 қарашада Беларусь Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі "Гожский" полигонында Ресей мен Беларусь әуе әскери күштерінің біріккен жаттығуы болатынын хабарлаған. Хабарламада шараның мақсаты "Беларусь мемлекеттік шекарасында әскери қимылдың артуына байланысты" одақтас ел күштерінің реакция білдіру қуатын тексеру деп жазылған. Nexta Live телеграм арнасының хабарлауынша, "Гожский" полигоны Литвадан – он шақырым, Польшадан 20 шақырым жерде жатыр.

Десанттар түсірілгеннен кейін белорус және орыс сарбаздары қарсылас тараптың плацдармын басып алу және ұстап тұру, нысандарды, заңсыз қарулы топтар мен диверсиялық-барлау топтарын іздеп жою сияқты бірқатар оқу-соғыс тапсырмаларын орындауы тиіс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG