Accessibility links

Кабулда жарылыстан телеарна тілшісі қаза болды


Жарылыс болған аумақты күзетіп тұрған "Талибан" жасағының өкілі. Көрнекі сурет.
Жарылыс болған аумақты күзетіп тұрған "Талибан" жасағының өкілі. Көрнекі сурет.

13 қарашада Ауғанстан астанасы Кабулда шағын газельде жарылыс болып, жергілікті жұртқа танымал телеарна тілшісі қаза болды. Бұл жөнінде ауған баспасөз құқығын қорғау ұйымы мен журналистің әйелі хабарлады.

Сенбі күні Кабулдың батысындағы шииттер көп қоныстанған Дешті-Баршы ауданында болған жарылыстан Ариана телевизия желісінде жұмыс істеген тілші Хамид Сейхани мерт болған. Ауғанстан журналистер орталығы 13 қарашада оқиғадан кейін бір сағаттан соң Twitter'де ақпарат жариялап, журналистің қаза болғанын хабарлады.

Сейханидің әйелі, ол да журналист, Facebook'тағы парақшасында күйеуінің қаза болғанын растады. "Хамиттен айырылдым" деп жазды.

"Талибанның" ресми өкілі Забихулла Мужахид жарылыстың салдарынан Дешті-Баршыда өрт шыққанын хабарлады. Кемінде бір бейбіт тұрғын қаза болған, төрт адам жараланып, ауруханаға түскен. "Талибан" өкілі оқиғаның жай-жапсары анықталып жатқанын айтты.

Дәрігерлер оқиғадан нақты қанша адам зардап шеккенін айтпады. Оқиғаны әзірге ешқандай ұйым мойнына алмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG