Accessibility links

Ұлттық банктің экс-басшысы Дәулет Сембаев дүниеден озды


Қазақстандық қаржыгер Дәулет Сембаев.
Қазақстандық қаржыгер Дәулет Сембаев.

Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Дәулет Сембаев 87 жасында қайтыс болды.

1998 жылғы зейнетақы реформасын жасаушылардың бірі ретінде белгілі Дәулет Сембаев 1935 жылы туған. 1958 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген. Түрлі жылдары Қазақ кеңестік социалистік республикасы президент кеңесінің мүшесі, жоғары экономикалық кеңесі төрағасының орынбасары, премьер министрінің орынбасары, Ұлттық банк төрағасы, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы президенті және "Қазкоммерцбанк" ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы да болған.

2003 жылы Алтынбек Сәрсенбаев, Болат Әбілов, Әлихан Байменов, Ораз Жандосов пен Людмила Жулановалар төрағалық еткен Қазақстанның демократиялық "Ақ жол" партиясының құрылтайшыларының бірі болған.

Дәулет Сембаев Қазақстанның ұлттық валюта жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG