Accessibility links

Грузияда тоғыз депутат Саакашвилиге қолдау білдіріп, аштық жариялады


Михаил Саакашвилиді қолдап, аштық жариялаған Давид Киркитадзе (ортасында) және өзге депутаттар . 14 қараша 2021 жыл.
Михаил Саакашвилиді қолдап, аштық жариялаған Давид Киркитадзе (ортасында) және өзге депутаттар . 14 қараша 2021 жыл.

Грузияда "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" оппозициялық партиясының тоғыз депутаты аштық жариялады. Олар осылайша 45 күннен бері аштықта жатқан Михаил Саакашвилиге қолдау білдіреді. Депутаттар Михаил Саакашвилиді түрмеден шығарып, ауруханаға жатқызуды талап етеді.

"Грузияның үшінші президенті 45 күннен бері аш, оған жөнді медициналық қызмет көрсетілмейді, бұған қоса әріптесіміз Елене Хоштария да аштық жариялаған, сондықтан тоғыз депутат - біз де Михаил Саакашвилиді көпсалалы ауруханаға ауыстыруды талап етіп, аштық жариялаймыз" деді партия белсенділерінің бірі Киркитадзе.

Давид Киркитадзе мен әріптестері аштықты 14 қарашада бастаған. Ал "Дроа" партиясының жетекшісі Елена Хоштария аштығын 3 қарашада бастаған.

Михаил Саакашвилидің өзі 1 қазаннан бері Рустави қаласындағы колонияда жатыр. Саясаткер заңсыз қамалғанын айтып, сол күннен бастап аштық жариялаған. 8 қарашада түрме ауруханасына ауыстырылған. Оның денсаулығына алаңдаған жақтастары оны түрмеден шығаруды талап етеді.

Ал Грузия билігі экс-президентке қажетті көмектің бәрін көрсетіп жатқанын айтады.

Михаил Саакашвилидің өзі 11 қарашада Еуропаның Адам құқығы жөніндегі сотына құлақ түріп, аштықты тоқтатуға ниеті барын айтқан. Бірақ ол әуелі өзін емдейтін көпсалалы клиникаға ауыстыруды талап еткен.

10 қарашада Тбилиси қалалық сотында 2007 жылғы оппозиция митингісін тарату және "Имеди" телекомпаниясындағы бүлікке байланысты сот басталған. Алайда қылмыстық атқару қызметі Саакашвилиді денсаулығына байланысты сотқа жеткізуден бас тартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG