Accessibility links

АҚШ "спутник жойып, ғарышқа қоқыс шашқан" Ресейді айыптады


"Прогресс" кемесі. Көрнекі сурет.
"Прогресс" кемесі. Көрнекі сурет.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдің Жер орбитасы маңында өз спутниктерінің бірінің көзін жойған зымыранды сынақтан өткізгенін айыптап, бұл "қауіпті әрі жауапсыз" әрекет деп мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік хатшысының баспасөз хатшысы Нед Прайстың айтуынша, сынақтың салдарынан "орбитада 1500 дана қоқыс" пайда болған. Бұл жөнінде ABCnews телеарнасы хабарлады.

"Бүгін сәл ертерек, Ресей Федерациясы спутник жоятын зымыранын сынақтан өткізіп, өз спутниктерінің бірінің көзін жойды" деді Нед Прайс брифинг кезінде.

Осының алдында дүйсенбі күні АҚШ қарулы күштері "ғарыш қоқыстарының пайда болғаны жайлы хабарлаған. Ресми дереккөздерінің бірі Ресей спутник жоятын қаруын сынақтан өткізген болуы мүмкін деп мәлімдеген.

АҚШ ғарыш басқармасы бөлшектерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Былтыр сәуірде Ресей спутник жойғыш зымыранын сынақтан өткізіп, "ғарыш - маңызды соғыс алаңына айналды" деп мәлімдеген.

Ғарыш аппараттарын жоятын зымырандарды АҚШ 1950-жылдардың соңынан бері сынап келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG