Accessibility links

Атамқұлов көмірдің бір тоннасын 5700 теңге етуге уәде берді


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов аймақта көмірдің бір тоннасы 5,2-5,7 мың теңге болады деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Tengrinews агенттігі хабарлады.

Бейсенбі күні сенат отырысында депутаттар Қазақстанда жанар-жағармай мен көмір (9 пайыз) қымбаттап, елдегі барлық тауарлардың құнына кері әсер етіп отырғанын алға тартқан.

Министр Атамқұлов көмір қымбаттап кетпес үшін шаралар қолданылып жатқанын алға тартты.

"Ірі көмір өндірушілермен меморандумдар жасалды. Қаражыра, Богатырь, Шұбаркөл кеніштерімен нақты бағасын анықтап келістік. Ең қымбат көмірдің бір тоннасы 5700 теңге болады" деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, аймақта 9,3 млн тонна көлемінде көмір тапшылығы байқалған.

"8,8 миллионы тиеліп қойды. Вагондар уақытында келіп жатыр, уақытында жіберіліп жатыр. Аймақта жағдай тұрақты. Аймаққа жеткен кезде әрқайсысында үлестіру орталықтары бар. Қазір көмірге сұраныс қатты артқандықтан қарашада қосымша 484 мың тонна көмір жіберуді жоспарланғанбыз. "Қазақстан Темір жолы" және карьерлерге қосымша сұрау жібердік. Аймақтан сұраныс көбейсе, бұл көрсеткішті ұлғайтуға дайынбыз" деді Атамқұлов.

Қазақстан аймақтарында және Нұр-Сұлтанда жыл сайын қыс басталар кезде көмір тапшылығы туындап, шикізат құны шарықтап кетеді. Биыл да көмірдің қымбаттағаны жөнінде апарат көп болды. Кейбір жерде көмірдің бір тоннасы 25-30 мың теңгеге жеткені хабарланды.

Қарай отырыңыз: Алматы маңайында көмір іздеуші көбейді (12 қараша 2021 жыл).

Алматы маңайында көмір іздеуші көбейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:12 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG