Accessibility links

Австрия коронавирус вакцинасын жаппай міндеттейтінін хабарлады


Австрия үкіметі жаппай вакцина салуды міндеттеу туралы шешім шығарды. Енді Австрия халқы 2022 жылдың 1 ақпанына дейін вакцинаны міндетті түрде салдыруға тиіс.

- Австрия 10 күнге локдаун жариялады, тағы да 20 күнге ұзартуы мүмкін,- деді Австрия канцлері Александр Шалленберг.

Коронавирус жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты 14 қарашада Автстрия үкіметі вакцина салдырмаған азаматтарына қата шара қолдануға көшкен.

Автрия халқының үштен екісіне жуығы вакцина салдырған. Бұл - Батыс Еуропадағы ең төменгі көрсеткіштің бірі. Локдаун кезінде екі миллионға жуық адамға еш себепсіз үйден шығуға болмайды. Жұмысқа, азық-түлік дүкеніне, дәрігерге баруға болады. Вакцина салдырмағандар қолында ПТР тесттің теріс нәтижесі болса да, қоғамдық орындарға кіргізілмейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG