Accessibility links

Астанада "Нұр Отан" партиясының саяси кеңес отырысы "құпия" өтті


"Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің отырысы өтіп жатқан "Елбасы кітапханасы". Оған БАҚ шақырылмады. Жиыннан трансляция да жасалмады. Нұр-Сұлтан, 23 қараша 2021 жыл.
"Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің отырысы өтіп жатқан "Елбасы кітапханасы". Оған БАҚ шақырылмады. Жиыннан трансляция да жасалмады. Нұр-Сұлтан, 23 қараша 2021 жыл.

Астанада "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің отырысы "құпия" өтті. Оған ақпарат құралдары шақырылмаған. Жиыннан трансляция да жүргізілмеді. Отырыстың өзі сейсенбі күні күндізгі сағат 3-те басталатыны хабарланған еді.

Азаттық тілшілері сейсенбі күні "Елбасы кітапханасына" барған кезде ғимарат маңында күзет күшейгенін көрді. Ғимарат қақпасы жабық, оған тек арнайы рұқсаты бар көліктер ғана кіріп жатты. Кітапхана маңында камера бекітілген көліктер, жедел жәрдем машиналарының тұрғаны байқалды. Полиция автобустары да бар.

Азаттықтың түсірілім тобын көрген сақшылар келіп, "кітапханада жиын өтіп жатыр, бастықтар кетсін деп жатыр" деп ескерту жасады.

Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай телефонына жауап бермеді. Ал "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі бір күн бұрын саяси кеңес отырысы онлайн көрсетілмейтінін айтқан.

Бұған дейін партияның саяси кеңес отырысында "түрлі өзгерістердің болатыны" жайлы болжамдар айтылған.

Кеңес отырысына қатысушылардың бірі 23 қарашада Азаттық тілшісіне жиында "партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жиынды партия төрағасы [Нұрсұлтан Назарбаев] жүргізіп жатыр" деп хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG