Accessibility links

Өзбекстанда билікті сынаған депутатты тиіспеушілік мәртебесінен айырды


Феруза Бабашева.
Феруза Бабашева.

Өзбекстанда Орта Шыршық ауданының мәслихат депутаты, Халықтық-демократиялық партиясының аудандық бөлімшесінің төрайымы, билікті сынап келген Феруза Бабашеваны депутат мәртебесінен айырды.

Депутатқа қарсы арызды бұрын прокурор болып істеген "Агробанк" басқармасының басшысы Мухитдин Киемов жазған. Депутат Бабашева "Агробанк" мұғалімдердің жалақысынан бір пайыз комиссия ұстайдыды" деп айыптаған. Шағымға осы жайт түрткі болған.

Бабашева сессия кезінде депутат мәртебесінен айырғанын мәлімдеді. Әзірге депутаттық мандаты бар. "Енді ол [Мухитдин Киёмов] сот процесі кезінде балағаттанғанын дәлелдесе, айыппұл төлеуге тиіспін", – деді ол.

Өзбекстандағы белгілі блогерлер, депутаттар және қоғамдық ұйым өкілдері Бабашеваны қолдап жатыр.

Бабашева депутат болып сайланғанға дейін көп жыл білім саласында істеген. Телеграм-каналына және Фейсбуктағы парақшасына азаматтардың шағымдарын жариялап, олармен кездескенін тікелей эфирде көрсетіп, лауазымды қызметтегі шенеуніктерді сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG