Accessibility links

Алматы облысының 70 жасқа таяған әкімі Баталовтың орнына Қанат Бозымбаев тағайындалды


Қанат Бозымбаев.
Қанат Бозымбаев.

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.

ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, сәрсенбі күні президент әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошанов облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысын өткізіп, жаңа әкімді таныстыруға тиіс.

Қанат Бозымбаев 2019 жылдың желтоқсан айынан бері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болған. 2016 жылдың наурызынан бері Энергетика министрлігін басқарды.

Бозымбаев екі рет облыс әкімі болған: 2009 жылдың қарашасынан 2013 жылдың желтоқсанына дейін Жамбыл облысының әкімі, 2013 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың наурызына дейін Павлодар облысының әкімі болды.

Алматы облысын 2014 жылдың тамызынан бері Амандық Баталов басқарған. Ол биыл 69 жасқа толған. 2015 жылы 63 жасқа толғанда Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси қызметкер ретінде оның зейнет жасын 2020 жылға дейін ұзартқан болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG