Accessibility links

Германияның келесі канцлері социал-демократ Олаф Шольц болады


Олаф Шольц Ангела Меркельге гүл беріп тұр. Берлин, 24 қараша, 2021 жыл.
Олаф Шольц Ангела Меркельге гүл беріп тұр. Берлин, 24 қараша, 2021 жыл.

Германияның келесі канцлері социал-демократиялық партия (SPD) жетекшісі Олаф Шольц болады. Бундестагқа өткен үш партияның өкілдері билеуші коалиция құру жөнінде келісімге келген соң сайлауда ең көп дауыс жинаған SPD жетекшісіне үкімет басқару мүмкіндігі берілді. Шольц ұзақ жыл үкімет басқарған Христиан-демократиялық одақ (CDU) өкілі Ангела Меркельдің орнын алмастырады.

Бундестаг сайлауы қыркүйектің соңында өтіп, христиан-демократтар блогы парламенттегі 48 орнынан айырылған. Ал социал-демократтар бұрынғысынан 53 орын көп алды.

Ангела Меркельдің өкілеті ресми түрде аяқталған. 26 қазанда президент Франк-Вальтер Штайнмайер Меркель мен оның кеңсесінің мүшелеріне құзіреті аяқталғанын растайтын ресми грамоталар тапсырған. Штайнмайер Меркельдің үкімет басқарған жылдарын ел тарихындағы елеулі оқиға деп атады.

Ангела Меркель 2005 жылғы қарашадан Германия канцлері болып қызмет етті. Оған жаңа үкімет жасақталғанша канцлер міндетін атқару тапсырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG