Accessibility links

Астанада қалың қар жауып, әуежай уақытша істемей қалды. Бір айлық жауын-шашын бір күнде түскен


Әуежайда ұшақ рейстері жөнінде ақпарат көрсететін табло. Көрнекі сурет.
Әуежайда ұшақ рейстері жөнінде ақпарат көрсететін табло. Көрнекі сурет.

Астанада қалың қар жауып, соның салдарынан Нұр-Сұлтандағы әуежай түнгі сағат 2 жарымнан таңертеңгі 9-ға дейін уақытша істемей қалды. Бұл жөнінде азаматтық авиация комитетіне сүйенген Vlast сайты жазды.

"Қалың қар жауғандықтан түнгі сағат 2:30-дан бастап астанадағы әуежай уақытша жабылып, ұшу-қону жолақтары қардан тазартылды. Қолайсыз ауа райына байланысты 12 рейсті ұшу кешіктірілді, қонуы тиіс болған 9 рейс запастағы аэродромға кетті" делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Әуежайдың ұшу-қону жолақтары 25 қарашада таңертеңгі сағат 9-да қайта ашылған.

Ауа райына байланысты ұшуы кешіккен 13 рейс арасында Нұр-Сұлтан – Алматы, Нұр-Сұлтан – Шымкент, Нұр-Сұлтан – Ақтау, Нұр-Сұлтан – Атырау, Нұр-Сұлтан – Қызылорда, Нұр-Сұлтан – Ақтөбе, Нұр-Сұлтан – Ташкент рейстері бар. Қонуы кешіккен рейстер арасында Қарағанды – Нұр-Сұлтан, Ақтөбе – Нұр-Сұлтан, Атырау – Нұр-Сұлтан, Ақтау – Нұр-Сұлтан, Алматы – Нұр-Сұлтан рейстері бар.

Астана халқы қалың қардың салдарынан жол қозғалысы да шектеліп, көлік кептелістері пайда болғанын хабарлап жатыр. "Қазгидромет" Нұр-Сұлтанда бір күнде бір айлық жауын-шашын мөлшері түскенін хабарлады. Қар күндізгі сағат 16-ға қарай тоқтайды.

"25 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласына 25 мм жауын-шашын түсті. Қар қалыңдығы – 28 см. Жалпы елордада қараша айында жауын-шашын нормасы — 28 мм мөлшерін қамтыды. Осылайша бір күнде еліміздің бас қаласына бір айлық жауын-шашын түсті — қар әлі де жауа береді. Гидромет орталықтың болжамы бойынша жауын-шашын сағат 16.00-де тоқтайды.
Жалпы 1-25 қарашаа аралығында елордаға 45.1 мм жауын-шашын түсті. Бұл қалыпты нормадан екі есе көп: ал қараша әлі аяқталған жоқ" делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG