Accessibility links

Ірі державалар Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзді қайта бастағалы отыр


Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Әли Багери

Иран сыртқы істер министірінің орынбасары Әли Багери ядролық келісімді қайта бастау туралы Вена қаласында Ресей және Қытай делегациясымен келіссөзден кейін журналистермен бейресми кездесті.

Ядролық келісімды қайта бастау туралы Иранмен 2015 жылы басталған келіссөз 29 қарашада Венада жалғасуға тиіс. Бұл туралы Азаттықтың Иран редакциясы - Фарда радиосы хабарлады.

Қытай мен Ресей делегацияларының басшыларымен және Еуро одақ өкілі Энрике Мормен кездескен соң Әли Багери 28 қарашада Иранның баспасөз құралдарымен әңгімелесті.

"Келіссөздің бұл раундының мерзімін нақты айту мүмкін емес,- деді Багери. – Диалог өткізетін уақытша кезең шеңбері ғана белгіленуі мүмкін".

Келіссөзге Иран, Қытай, Ресей, Германия, Франция мен Ұлыбритания қатысуы ықтимал. Иран мәселесі бойынша АҚШ-тың арнаулы өкілі Роб Мэлли бастаған делегация жанама түрде қатысады.

Келіссөз бес айдан кейін қайта жалғасқалы тұр.

Ядролық келісімге 2015 жылы қол қойылған. Оған Ираннан өзге Ресей, АҚШ; Ұлыбритания, Германия, Қытай және Франция қатысқан. Бұл келісімде Тегеранға салынған халықаралық санкцияларға айырбас ретінде Иранның ядролық бағдарламасын шектеу мәселесі қарастырылады.

2018 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамп келіссөзден шығып, Иранға біржақты санкция салуға көшкен. Бұл әрекет келісімге қатысушы өзге мемлекетттердің сынына ұшыраған. Тегеран оған жауап ретінде өз міндеттемелерін біртіндеп азайтып, ядролық бағдарламасына қайта кіріскен еді.

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден келіссөзге қайта оралуға бірнеше рет уәде берген. Ол үшін санкцияның күшін жоюға тиіс. Вашингтон бұған дайын, бірақ әуелі Иранның бағдарламадан бас тартқанын қалайды. Иран болса, бірінші АҚШ санкцияны алуы керек деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG