Accessibility links

Швецияның отставкаға кеткен тұңғыш әйел премьер-министрі қайта тағайындалды


Магдалена Андерссон
Магдалена Андерссон

Швецияның отставкаға кеткен тұңғыш әйел премьер-министрі өз орнына қайта тағайындалды.

Өткен аптада социал-демократтар партиясының кандидаты, 54 жастағы Магдалена Андерссон небәрі бірнеше сағат қана швед корольдігінің премьері болды.

Дүйсенді, 29 қарашада үкімет басшысы қызметіне кандидаттарға қайта дауыс беріліп, аз ғана дауыспен Андерссон жеңіп шықты.

Би-би-сидің хабарлауынша, ол 2022 жылдың қыркүйегіндегі сайлауға дейін бір партиядан тұратын үкіметті басқаруы мүмкін.

Өткен сәрсенбіде Магдалена Андерссон өз құрған коалиция мерзімінен бұрын ыдыраған соң отставка сұраған. Швецияның жаңа коалиция үкіметі Магдалена Андерссон ұсынған бюджет бойынша дауыс берілісімен тарап кеткен.

Андерссон премьер-министр қызметіне социал-демократ Стефан Лёвеннің орнына келді. Үкіметті жеті жыл басқарған Лёвен тамыз айында отставкаға кеткен. Маусым айында депутаттар оған сенімсіздік білдірген.

Лёвен Швеция тарихында оппозицияның бастамасы бойынша өткен сенім білдіру туралы дауыс беру нәтижесінде жеңіліп қалған алғашқы премьер-министр болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG