Accessibility links

Ресейдің Кузбасындағы "Листвяжная" шахтасынан 18 кеншінің денесі табылды


Ресейдің Кемерево облысынағы Тихов атындағы шахта
Ресейдің Кемерево облысынағы Тихов атындағы шахта

Құтқарушылар "Листвяжная" шахтасында 25 қарашадағы жарылыстан қаза болған 18 шахтердің денесін тапты. Бұл туралы Кемерово облысының төтенше жағдайлар қызметіне сүйене отырып "Интерфакс" хабарлады.

"Қаза болған 18 адамның қай жерде екені анықталды, он адамның денесін шығаруға дайындадық. Метанның шектен тыс көбеюіне байланысты сыртқа шығару мәселесі тоқтап қалды", – дейді ведомство.

Қазірге дейін барлығы 29 адамның денесі табылып, 11-і жер бетіне шығарылған.

  • 25 қарашада "Листвяжная" шахтасында жарылыс болып, шахтерлар мен құтқарушылардан 51 адам қайтыс болған. 92 адамнан астам адам зардап шеккен.
  • Әзіргі болжамдарға қарағанда, шахтёрлар мен құтқарушылар метан жарылысы мен оның салдарынан қайтыс болған.
  • Зардап шеккендердің туыстарының айтуынша, кейінгі жылдары шахтада шахтер өміріне қауіп төндіретін ондаған кемшілік анықталған, бірақ кәсіпорын басшылығы шара қолданбаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG