Accessibility links

Оралдағы балалар үйінің түлектері жетімдерге тиесілі баспананы Тоқаевтан сұрады


Балалар үйінен шыққандар биліктен заңды пәтерлерін беруді талап етеді. 1 желтоқсан 2021 жыл.
Балалар үйінен шыққандар биліктен заңды пәтерлерін беруді талап етеді. 1 желтоқсан 2021 жыл.

Оралдағы балалар үйінде тәрбиленгендер жетімдерге берілуі тиіс баспаналарын сұрап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылды.

1 желтоқсанда олар өздері тұрып жатқан "Шаңырақ" жатақханасы алдында жиналып, "мәселелеріне бей жай қарап отырған" БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің отставкасын талап етті.

Балалар үйінде тәрбиеленгендер өздері тұрып жатқан "Шаңырақ" жатақханасының бөлмелері тар екенін, ешқандай жағдай жасалмағанын айтып шағынады.

— Барлық инстанциядан өттік, қала, облыс әкімдігіне бардық. Көмектесеміз дейді, бірақ билік тарапынан нақты іс көрмей отырмыз. Мәселемізді шешуді Қазақстандағы адам құқықтарының кепілі президенттен сұраймыз, - деді бастамашыл топ өкілі Меңсұлу Танташова.

Балалар үйінен шыққандар үй кезегі баяу жылжитынын айтады. Бұған қоса, билік жеке меншікке үй беруді тоқтатқан. Қазір жетімдер пәтерді алғанымен, аттарына аудара алмайды.

"Шаңырақ" тұрғындарының сөзінше, жылына жатақханадан тек 5-6 адам шығады, босаған бөлмелерге басқа адамдар келеді.

"Шаңырақта" балалар үйінен шыққан ондаған адам тұрады. 60 жылдары салынған жатақхана күрделі жөндеу көрмеген. Билік бұл үйге күрделі жөндеу керек десе де "апат алдындағы үй" деп есептемейді. Тұрғындар "Шаңырақта" тұру қауіпті болып бара жатқанын айтады.

БҚО білім басқармасының дерегінше, "Шаңырақ" жатақханасына 22,7 млн теңге бөлінген.

Бірақ жатақхана жөнделмеген.

Жергілікті билік "Шаңырақ" тұрғындарымен кездесуде оларға жаңа жатақхана салуды я қазіргіні жөндеуді ұсынған. Әкімдік жақын уақытта жатақханада тұратын жетімдердің бәріне баспана бере алмайтынын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG