Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) "тыңшылық және диверсиямен айналысқан" Украинаның үш азаматын ұстағанын хабарлады.
Ресей арнайы қызметінің хабарламасында ұсталған екі адамның Украина қауіпсіздік қызметінің агенттері екені жазылған. Ресей тарабы олар стратегиялық нысандар жөнінде ақпарат жинады дейді. Үшінші адам – Украина қорғаныс министрлігіне қарасты барлау бас басқармасының қызметкері. ФСБ мәліметінше, ол "теракт әзірлеген".
ФСБ ұсталғандардың айыптарды мойындағанын айтады. Украина жағы әзірге ФСБ мәлімдемесіне реакция білдірген жоқ.
Бұған дейін Ресей соты Украина әскери барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Сергей Швиденконы 6,5 жылға бас бостандығынан айырған. ФСБ-ның айтуынша, ол Мәскеу аннексиялап алған Қырымда диверсиялық топқа жетекшілік еткен және онысын мойындаған.
ПІКІРЛЕР