Accessibility links

Талибан Ташкентті ауған тікұшақтарын қайтаруға шақырды


"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) құрған уақытша үкімет басшысының орынбасары Абдул Ғани Барадар Ташкентті ауған ұшқыштары ұшып барған тікұшақтарды қайтарып беруге шақырды. Бұл туралы "Афганистан.ру" басылымы жазды.

Осыған дейін Өзбекстан президентінің Ауғанстан бойынша өкілі Исматулла Иргашев бастаған өзбек делегациясы 30 қарашада Кабулда Талибан үкіметінің мүшелерімен кездескен еді.

Биыл тамыз айында ауған ұшқыштары өлкедегі жалпы ұшақтардың және тікұшақтардың 25%-мен Өзбекстан және Тәжікстанға ұшып барған.

Ақпаратқа қарағанда, олар Ауғанстаннан тәліптер Кабулды басып алғанға дейін бірнеше сағат қалғанда ұшып кеткен. Сол күні Мазари-Шариф және Кабул әуежайларынан әуеге 46 ұшақ көтерілген.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанға келген ауғандықтар 12-13 қыркүйекте үшінші өлкеге ұшып кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG