Accessibility links

Ресейде "Idel.Реалии" жобасының төрт тілшісі "шетел агенттері" тізіміне енгізілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей әділет министрлігі Азат Еуропа/Азаттықтың "Idel.Реалии" жобасымен әріптестік орнатқан төрт журналист: Алина Григорьева, Андрей Григорьев, Регина Хисамова мен Регина Гималованы "шетел агенті" ретінде танылған ақпарат құралдары тізіміне енгізді.

Аталған реестрге әскери қызметкерлер мен соған балама қызметке шақырылғандардың құқықтарын қорғаумен айналысатын "Гражданин.Армия.Право" қауымдастығы да қосылған.

Осылайша "шетел агенті" ретінде танылған ақпарат құралдары реестріне енгізілгендер 103-ке жетті. Арасында The Insider, "Медуза", "Дождь" телеарнасы, "Важные истории" және Bellingcat сияқты ірі зерттеу жобалары мен тәуелсіз басылымдар бар.

Ресейдегі 20 шақты тәуелсіз басылым редакторы мен өкілі қыркүйек айында "шетел агенттер" тізімін жоюды және "шетел агенті" туралы заңға түзетулер енгізуге шақырған. Олар Ресей басшысы Владимир Путин, баспасөз хатшысы Дмитрий Песков және әділет министрі Константин Чуйченкоға ашық хат жолдаған. Кремль журналистердің заңды түзету туралы үндеуін қарастыруға уәде берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG