Accessibility links

Түркіменстан интернеті ең нашар ел ретінде танылды. Қазақстан 224 мемлекет арасында 173-орында тұр 


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркіменстан әлемде интернеті ең нашар ел ретінде танылды. Қолданушыларға бір фильмді жүктеу үшін бір күн қажет.

Әлем елдеріндегі кең жолақты интернет жылдамдығы жөнінде есеп әзірлеген Cable.co.uk сайтының мәліметінше, интернет жылдамдығы секундына 0,50 мегабитті құрайтын Түркіменстан тест жүргізілген 224 елдің арасында ең соңғы орынды иеленген. Ол жақта бес гигабайттық фильмді жүктеу үшін 22 сағат 34 минут қажет.

Табиғи ресурстарға бай Түркіменстан интернет жылдамдығы бойынша Йемен, Оңтүстік Судан, Сомали және Ауғанстан сияқты соғыстан қатты зардап шеккен елдерден де артта қалған.

Интернет жылдамдығы секундына 5,83 мегабитті құрайтын Қазақстан рейтингіде 173-орында тұр. Алғашқы бестікте Лихтенштейн, Андорра, Исландия және Гибралтар бар. Лихтенштейнде интернеттің орташа жылдамдығы – секундына 211,26 Мбит.

Түркіменстан әлемдегі ең жабық елдердің бірі. Ашғабат кейінгі кезде елдегі дағдарыстан зардап шеккен адамдардың шынайы ахуалын жасыру үшін бақылауды күшейткен. Билік ел аумағынан тыс жерде таралған сыни ақпараттарды да бұғаттауға тырысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG