Accessibility links

Минск соты Азаттық радиосы Беларусь қызметінің желідегі парақшаларын "экстремистік" парақшалар деп таныды


Азат Еуропа / Азаттық радиосының Прагадағы штаб-пәтері
Азат Еуропа / Азаттық радиосының Прагадағы штаб-пәтері

Минск соты РСЕ/РС Радыё Свабоданың (Азаттық радиосының Беларусь қызметі) әлеуметтік желідегі парақшаларын "экстремистік парақшалар" деген шешім шығарды.

Сот мұндай шешімді Беларусь ішкі істер министрлігінің жемқорлық және ұйымдасқан қылмыспен күрес бас басқармасының материалдарына сүйеніп қабылдаған.

- Осылайша Беларусьтегі ірі тәуелсіз қоғамдық БАҚ-тардың барлығының телеграм-арналарын Александр Лукашенко режимі экстремистік парақшалар қатарына қосты. Беларусь тарихындағы сөз бостандығы мен тәуелсіз БАҚ-тарға жасаған биліктің ауқымды шабуылына куә болып отырмыз,- дейді редакция.

Беларусьте 300-ге жуық интернет ресурс "экстремистік" ресурстар қатарына жатқызылған. 27 шілдеде Польша телеарнасының "Белсат" ақпарат ресурсы "экстремистік ресурс" деп танылған. Тамыз айында Tribuna.com спорт сайты жөнінде де осындай шешім қабылданған.

"Азат Еуропа/Азаттық радиосы" медиакорпорациясы әлемнің сөз еркіндігі шектелген немесе тәуелсіз БАҚ дамымаған 22 елінде 26 тілде жаңалықтар контентін ұсынады. Редакциялық саясатын тәуелсіз жүргізетін медиакорпорация АҚШ Жаһан медиа агенттігі арқылы конгресс грантымен қаржыландырылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG