Accessibility links

Германияның социал-демократиялық партиясы жаңа коалицияны мақұлдады


Ангела Меркель мен Олаф Шольц
Ангела Меркель мен Олаф Шольц

Германияның социал-демократиялық партиясы (СДПГ) "Одақ-90" ("Жасылдар") және Азаттық демократиялық партиясымен коалиция құру туралы келісімді мақұлдады. Мұны 4 желтоқсан, сенбіде өткен партия съезінде делегаттардың 98,8 пайызы қолдады. Бұл жөнінде "Неміс толқыны" хабарлады.

Бұл хабарға социал-демократтар партиясынан Германия канцлері қызметіне кандидат Олаф Шольц реакциясын Twitter парақшасына "Енді іске кірісеміз!" деп жазып білдірді. Үш партия жетекшілерінің келісімі әлі социал демокарттардың болашақ коалиция бойынша партия ішіндегі дауыс беру рәсімі арқылы бекітілуге тиіс.

Азаттық демократиялық партиясының бұл мәселесі бойынша съезі 5 желтоқсанда өтеді, ал "Жасылдар" партиясы дауыс беруді бастап та кетті.

7 желтоқсанда коалиция келісіміне қол қойылып, 8 желтоқсанда бундестаг Шольцты жаңа канцлер етіп сайлауы мүмкін.

16 жыл канцлері болған Ангела Меркель құрметіне 3 желтоқсанда Германияның қорғаныс министрлігінде салтанатты рәсім өткен. Меркель қызметінен ресми түрде 8 желтоқсанға дейін кетуге тиіс. Ангела Меркель әскер алдында сөйлеп, келешек канцлер Олаф Шольцке табыс тіледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG