АҚШ-тың Өкілдер палатасындағы республикашылдар оқу бағдарламасына коммунизм тарихын қосуды құптайтын заң жобасын ұсынды. Құжатты Флорида штатының конгрессвумені, Куба эмигрантының отбасында туған Мария Салазар таныстырды. Заң жобасы АҚШ парламенті төменгі палатасының 60 мүшесі жасаған.
Салазар сөзінше, 1997 – 2012 жылдар аралығында туған жас буын коммунизмге іштарта қарайды, ал 1981-2000 жылдар арасында дүниеге келген буын "марксизм туралы аз біледі".
"Коммунизм бір ғана теңдікті қамтамасыз етеді, ол – адамның бәрін кедей қылу, бәрін аш қылу, бәрін қысымға алып, бәрін бірдей айдауға жіберу" дейді Салазар.
"Америка оқушылары Сталин 3,5 миллион украинды әдейі аштан қатырған совет ГУЛАГ-тарын білуге тиіс, – дейді Техас конгрессмені Дэн Креншоу. – Олар Маоның ондаған миллион қытайдың түбіне жеткен мәдени революциясын да, дәл қазір Қытайда құлдықта өмір сүріп жатқан ұйғыр мұсылмандар туралы да білуге тиіс".
Оның сөзінше, заң жобасы коммунизмнің орыны тарих қоқысында екенін көрсетуі қажет.
Биыл маусымда республикашыл губернатор Рон Десантис штаттың мемлекеттік орта мектептерінде комммунизм тарихын оқытуды міндеттейтін заңға қол қойған.
ПІКІРЛЕР