Accessibility links

Қорғаныс министрлігі қарсылық акцияларына қолданатын құралдарының тізімін жасады


Қазақстан Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қарулануында тұрған және пайдаланатын құралдардың тізбесін бекіту туралы" бұйрық жобасын жариялады.

Арнаулы құралдардың 15 бөлімнен тұратын тізімі "АШЫҚ. НҚА" порталында жарияланды:

1. Соққыға қарсы (қорғау) қалқан

2. Металл қол кісендері

3. Көзді жасаурататын газ бар баллон

4. Арнайы таяқ

5. Қорғау қалқандарының жиынтығы

6. Өлімге әкелмейтін қару (жарақаттайтын патрондармен)

7. Байланыс жүйесімен алмалы-салмалы қайырмасы бар соққыға қарсы қорғау дулығалары

8. Әртүрлі қорғау деңгейіндегі броньды кеудеше

9. Жарық-дыбысты гранаталар

10. Көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтауға арналған құрылғылар

11 Үй-жайларды ашуға арналған құрылғылар

12. Электрмен естен тандыру құрылғылары

13. Арнайы дауыс зорайтқыш құрылғылар

14. Қызметтік иттер

15. Қашықтықтан әрекет ететін акустикалық құрылғы

Қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда, аталған құжат 2005 жылы шыққан "Әскери полиция органдары туралы" заңның 12 бабына сәйкес әзірленіп, "әскери қызметшілердің қатысуымен өтетін түрлі шаралар барысында құқық тәртібін қамтамасыз етуге тартылатын әскери полиция бөлімшелері қамтылатын арнайы құралдар атауларының тізбесі белгіленген".

Қорғаныс министрлігі сөз "әскери парадтар, "KADEX" халықаралық көрмесі, оқу-жаттығулар, әскери техника мен оқ-дәрілерді тасымалдау" туралы деп көрсеткен.

Тізімдегі арнайы құралдарды билік әдетте митингілер мен жаппай қарсылық акцияларын күштеп тарату үшін қолданады.

Қорғаныс министрлігі таратқан баспасөз релизінде "әскери полиция органдары әскердегі тәртіпті қамтамасыз етеді" деп көрсеткен.

Құжат сайтқа 3 желтоқсанда шыққан, одан бері бір ғана пікір жазылған. "Қарсымын. Әскер халықпен емес, сыртқы жауымен күресуге тиіс. Былықтырып жатыр!"– депті Марина Серебренникова деген пікір жазушы.

Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қол қойған құжатта "бұйрық жарияланған соң он күнтізбе күн ішінде күшіне енеді" деп көрсетілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG