Accessibility links

Трамп компаниясы жаңа әлеуметтік желіге миллиард доллар салғанын мәлімдеді


Дональд Трамп
Дональд Трамп

Дональд Трамптың Trump Media & Technology Group (TMTG) компаниясы Truth Social әлеуметтік желісін жасау үшін инвесторлардан миллиард доллардан астам қаржы тартқанын жариялады. Бұл жөнінде осы компанияның пресс-релизінде айтылған.

"Миллиард доллар – цензура мен саяси алалауға жол жоқ екендігін көрсететін маңызды белгі, – деді АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп. – Америка саяси идеология бойынша ешкімге тыйым салмайтын Truth Social платформасына дайын".

Трамп командасы жаңа әлеуметтік желі жасауды жоспарлап отырғанын Трамптың аккаунты бұғатталысымен-ақ жариялаған. Трамп жақтастарын 2021 жылы қаңтарда АҚШ конгресінің ғимаратын басып алуға шақырған кезде әлемдегі ірі платформалар оның әлеуметтік желідегі аккаунттарын бұғаттаған болатын. Трамп күшпен басып алу жөнінде үгіт-насихат жасамағанын айтады.

Трамп өкілдерінің сөзінше, Truth Social деген аты бар жаңа әлеуметтік желі "либерал медиалар консорциуымына" және ірі технологиялық компанияларға қарсы тұратын болады. Жаңа желіні 2022 жылдың алғашқы кварталында іске қоспақшы.

Таяуда хакерлер пайдалануға әлі толық берілмеген Truth Social желісін бұзып кіріп, Дональд Трамптың фейк аккаунтын жасап кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG