Accessibility links

Ресей азаматтығына өткен 1,5 мың адам Қазақстаннан 6,3 миллиард теңге зейнетақы алған


Қазақстанда қос азаматтығы бар 1,5 мың зейнеткер анықталған, оларға 2020 жылдан бері 6,3 миллиард теңге төленген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің бұл мәліметін КазТАГ жариялады.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, мәліметтерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ресей Федерациясының зейнетақы қорындағы деректермен салыстыру арқылы анықтаған.

"Қос азаматтық мәселесі бойынша ішкі істер министрлігіне және бюджет қаржысын қайтару мәселесі бойынша қаржы мониторингі агенттігіне хат жолданды. Олардан жауап келген соң әрі қарай шара қолданылады", - Шәпкенов.

Шәпкеновтің сөзінше, қазіргі уақытта Өзбекстанмен және Қырғызстанмен арада да қос зейнетақы алатындарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Өзге елдің азаматтығын алған адамдар Қазақстандағы зейнетақы қорына жинаған ақшасын толық әкете алады, оларға әрі қарай зейнетақы төленбейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG