Accessibility links

Башқұрт белсендісі Руслан Ғаббасов Литвадан саяси баспана сұрады


Башқұрт белсендісі Руслан Ғаббасов
Башқұрт белсендісі Руслан Ғаббасов

Ресейден кетіп, Литваға барған башқұрт белсендісі Руслан Ғаббасов Вильнюстен саяси баспана срады. Бұл жөнінде Ғаббасов Азаттық радиосының Татар - башқұрт редакциясына ("Idel.Реалии") хабарлады.

Ғаббасовтың сөзінше, Ресей билігі оны Башқұртстан республикасындағы әлдебір қылмыстық іске тартпақшы болып қысым жасаған. Ғаббасовтың сөзінше, тыйым салынған "Башқұрт" ұйымының жұмысына қатысты деп айыптамақ болған. Бұл қоғамдық бірлестікті экстремистік ұйым ретінде Ресейде тыйым салынғанға дейін Ғаббасов басқарған.

Қылмыстық істердің біріне куәгер ретінде қатысып жүрген қоғам белсендісінің сөзінше, тергеу кезіндегі сұрақтардың жартысынан астамы "Башқұрт" ұйымы туралы болған және оның аты "Қармасқала ісі" бойынша да атала бастаған. Биліктің сөзінше, бұл істе "башқұрт пен армяндар арасында қақтығыс болған, оны тұтатқан башқұрт белсенділері".

Башқұрстанда белгілі қоғам белсендісі Ғаббасов қыркүйекте өзінің еш қатысы жоқ қылмыстық іс бойынша экстремизммен күрес орталығы жауап алуға шақырғанын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG