Accessibility links

Министр Pfizer вакцинасының бағасы қанша болатынын айта алмады


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасының құны қанша болатынын айта алмады. 8 желтоқсанда ақпарат құралдарына берген сұхбатында ол:

– Қазір есебі шығарылмаған. Pfizer компаниясымен тасымалдау жөнінде келісіп жатырмыз. Әзірге мақұлданбады. Келіссөз жүріп жатыр, - деді Алексей Цой.

Бұған дейін Қазақсанда батыс компаниялары әзірлеген коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы халыққа ақылы түрде салынатыны хабарланған еді. Әзірге вакцина бағасы белгісіз. Соңғы ақпаратқа қарағанда, елдегі ең ірі қала Алматыда үш поликлиникада Pfizer вакцинасын ақылы түрде салғызуға болады.

Алексей Цойдың айтуынша, қазір қай аймаққа қанша екпе қажет екені анықталып жатыр.

Бұған дейін жасөспірімдер мен жүкті немесе бала емізіп жүрген әйелдерге екпе егу үшін Pfizer'дің 4 млн дозасына тапсырыс берілген еді.

- Қосымша тасымалдау мәселесін жоспарлап отырмыз. Сәйкесінше қазір сұраныс жағы анықталып жатыр, – деді министр.

Ол қанша адамның ақылы вакцина салдыруға өтініш білдіргенін де нақты айта алмады.

Қазақстанда тіркелген алтыншы екпе – Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Алматыға 10 қарашада жеткізілген болатын. 12 қарашадан бері салына бастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG