Accessibility links

Министрлік ревакцинация әдісін өзгертті. 44 мың адам қосымша доза салдырған


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның қосымша дозасын салу әдісі өзгерді. Денсаулық сақтау министрлігі 8 желтоқсаннан бастап азаматтардың қосымша доза салдыруға мүмкіндігі бар екенін айтты.

"Әлемде эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, иммунизация жөніндегі ұлттық кеңес комиссиясы ревакцинация мерзімін қайта қарады. Вакцинаның екі дозасын алғанына алты ай болған және коронавируспен ауырып шыққан азаматтар 8 желтоқсаннан бастап [қосымша] вакцина салдыра алады" деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 9 желтоқсан күнгі үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қазірге дейін 44 702 адам коронавирусқа қарсы қосымша вакцина салдырған.

Қазақстанда ревакцинация 22 қарашада басталған. Бұған дейін министрлік коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы бірінші кезекте медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер мен денсаулығына қауіп төнген адамдарға салынатынын айтқан. Енді үшінші дозаны вакцинаның толық дозасын салдырғанына кемінде алты ай болған кез келген адам салдыра алады.

XS
SM
MD
LG